«Иранның ұтылуы осы жерден басталады». ФИФА маманы футзалдан Қазақстан құрамасының артықшылығын айтты

«Иранның ұтылуы осы жерден басталады». ФИФА маманы футзалдан Қазақстан құрамасының артықшылығын айтты

Футболдан 2021 жылғы әлем чемпионатында ФИФА-ның техникалық зерттеулер тобы жетекшісі Мигель Родриго турнирдің ширек финалындағы Қазақстан мен Иран құрамаларын салыстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Иран әлде Қазақстан мықты ма?» деген сұраққа маман екі команданың артықшылықтарына мән бере отырып жауап берді.

«Талант пен шабуыл күші тұрғысынан, сөзсіз Иран. Қақпашылар шамамен бірдей, бірақ мен Қазақстан құрамасының қорғанысында біртұтас құрылымды көремін. Негізінде, бұл Иранның шабуыл шебі мен Қазақстанның қорғаныс шебінің арасындағы шайқас болайын деп тұр», - деді Мигель Родриго.

«Қазақстанға қарсы Иранды өте қиын матч күтіп тұр деп ойламайсыз ба?» деген сұраққа ол Иран бапкері Игитаға мұқият бола отырып тактика құруы керек екенін айтты.

Қазақстан – қақпашыны көп пайдаланатын әлемдегі үздік команда. Игита – жақсы қақпашы ғана емес, сонымен қатар тамаша мерген. Сол себепті ирандық жаттықтырушы осы қақпашының ойынына мұқият талдау жасауы керек. Әйтпесе Иранның ұтылуы осы жерден басталады», - деді Родриго BBC Persian -ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де Қазақстан құрамасы Каунаста футзалдан әлем чемпионатының ширек финалы аясында Иранмен кездеседі.

2016 жылғы әлемдік доданың қола жүлдегері атанған Иран - қазақстандықтардың осы турнирдегі алғашқы азулы қарсыласы.

Иран – Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 22:55-де басталады, оны мына СІЛТЕМЕДЕН көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или