«Natus Vincere» BLAST Premier: Fall Groups 2021 турнирінде «FaZe Clan» командасын жеңді
Ресейлік CS:GO командасы «Natus Vincere» BLAST Premier: Fall Groups 2021 турнирінің С тобында бірінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
<span>«NaVi» соңғы ойында «FaZe Clan» командасын 2:0 (16:10 - Dust II және 16:13 - Mirage) есебімен жеңді.</span>
Айта кетейік, BLAST Premier: Fall Groups 2021 жарысы 16-26 қыркүйек аралығында онлайн режимде өтеді. Еуропа, Солтүстік Америка, Бразилия мен ТМД елдерінің 12 командасы қатысып жатқан жарыстың жалпы жүлде қоры 150 000 АҚШ доллары.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или