Велоспорт

Велоспорттан әлем чемпионаты: Жастар арасында жекелей сын бойынша жеңімпаздар анықталды

Велоспорттан әлем чемпионаты: Жастар арасында жекелей сын бойынша жеңімпаздар анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Бельгияда шосседегі велоспорт бойынша әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күнінде жастар арасында жекелей сын бойынша үздіктер анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған санат бойынша Қазақстан сапынан Андрей Ремхе мен Максим Тараскин жарыс жолына шықты. Велодода қорытындысы бойынша Андрей Ремхе 26-шы орынға, Максим Тараскин 37-ші орынға жайғасты.

Дания өкілі Густав Ванг топ жарып, жарыс жеңімпазы атанды. Ұлыбриятаниялық Джошуа Тарлинг мәреге екінші болып жетсе, Бельгия спортшысы Алек Сеграт үшінші болды.

Ал қыздар арасындағы бәсекеде Қазақстан сапынан Елена Мандраковамен Бота Батырбекова қатысты. Елена Мандракова 28-ші, ал Бота Батырбекова 38-ші орынға тұрақтады.

Ресейлік Алена Иванченко жарыстың алтынына ие болды. Ұлыбриятания өкілі Зои Бэкстедт күміс, ал германиялық Антония Нидермайер қола жүлдегер атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер