Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы 1/8 финалда қай командамен кездесуі мүмкін?

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы 1/8 финалда қай командамен кездесуі мүмкін?

Футзалдан Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының 1/8 финалда кездесуі мүмкін екі қарсыласы анықталды, деп жазады Prosports.kz.

А тобында бірінші орын алған Кака шәкірттері плей-оффта C, D, E тобында үшінші орын алған үш команданың бірімен кездеседі. 

Бүгін C және D топтарында үшінші орынға тұрақтаған құрамалар анықталды. Олар: Таиланд және Вьетнам. Таиланд өз тобында Португалиядан ұтылды, Мароккомен тең түсті және Саломон Аралдарын ірі есеппен жеңді. 

Вьетнам турнирдегі алғашқы матчында әлемнің бес дүркін чемпиондары Бразилиядан 1:9 есебімен ойсырай жеңілді. Кейін тартысты өткен ойында Панаманы ұтты, соңғы турда Чехиямен тең түсті. 

Ертең Е тобындағы ойындар өтеді. Екінші орын үшін таласта Жапония мен Парагвай кездеседі. Жапондар тең түссе де екінші орынды сақтап қалады. Ондай кезде Қазақстан құрамасының қарсыласы Парагвай болуы мүмкін. 

Айта кетейік, Литвадағы әлем біріншілігіне 24 команда қатысып жатыр. Олар 6 топқа бөлінген. Әр топтан екі команда мен өз топтарында үшінші орын алған 4 үздік құрама 1/8 финалға шығады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или