Футзал

«Гол салғаныма қуаныштымын». Альберт Ақбалықов - Литваға қарсы матч туралы

«Гол салғаныма қуаныштымын». Альберт Ақбалықов - Литваға қарсы матч туралы

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Альберт Ақбалықов әлем чемпионатындағы Литваға қарсы матч туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz

«Ойын қиын болды. Басында бас бапкеріміз Литва ойыншылары ірі, олар қорғаныс арқылы ойнайды деп түсіндірген. Жеңгенімізге және гол салғаныма қуаныштымын. Дәурен Тұрсағұловтың голы көп нәрсені шешті. Есеп 1:0 болып тұрған. Сол кезде ойын қиындау болды. Тұрсағұловтың голы бізге психологиялық көмек берді. Литва да шаршай бастады», - деді Ақбалықов. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0