Футзал

«Қобалжу болған жоқ». Жомарт Тоқаев - Литваға қарсы матч туралы

«Қобалжу болған жоқ». Жомарт Тоқаев - Литваға қарсы матч туралы
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Жомарт Тоқаев әлем чемпионатында Литваға қарсы матч туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі kazfutsal парақшасына сілтеме жасап.

«Бұл жеңіспен барша қазақстандықты құттықтаймын. Аллаға шүкір, ойын жақсы болды деп ойлаймын. Бапкердің нұсқауларын орындадық. Соның себебінен жеңдік. Қобалжу болған жоқ. Шығарса, ойнымды көрсетемін деп дайын жүргенмін.

Литва - өте жақсы команда. Өз алаңында, жанкүйерлері алдында ойнап жатыр. Бізге сәл қиындау болды. «Қазақстан!» деп айғайлап отырған жанкүйерлеріміз де бар. Оларға да мың да бір рақмет. Солардың арқасында жеңдік деп ойлаймын», - деді Тоқаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер