Футзал

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын шығуы мүмкін

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын шығуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

15 қыркүйекте Литвадағы футзалдан әлем чемпионатының А және В тобындағы екінші тур ойындары өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Елорда уақытымен сағат 21:00-де Каунаста Коста-Рика мен Венесуэла кездеседі, дәл сол уақытта Вильнюста Египет - Гватемала матчы өтеді.

Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де Каунаста Литва мен Қазақстан құрамасы кездеседі. Сонымен қатар Вильнюста Өзбекстан мен Ресей құрамалары арасындағы кездесу басталады.

Осы турда жеңіске жетсе Венесуэла, Гватемала, Қазақстан және Ресей құрамалары 6 ұпай жинап, өз топтарында кем дегенде екінші орынға ие болады, әрі 1/8 финалға мерзімінен бұрын жолдама алады.

Литва - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы туралы ақпаратты мына жерден алуға болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер