Ауыр атлетика

Ауыр атлетикадан бас бапкер команданың дайындығын баяндады

Ауыр атлетикадан бас бапкер команданың дайындығын баяндады
news-banner7
mobile-news-top

Ауыр атлетикадан Қазақстан командасы әлем чемпионатына дайындықты Түркияда өткізуде деп хабарлайды Olympic.kz.

Жаттығу жиыны 29 қыркүйекке дейін жалғасады.

Жаттығу жиынын төмендегі спортшылар қатысуда: Гүлнұр Ыбырай (64 келі), Карина Құзғанбаева (87 келі), Айзада Мүптілда (+87 келі), Артем Антропов (96 келі), Нұрғиса Әділетұлы (96 келі).

«Біз екі жылдан кейін жаттығу жиынын өткізу үшін шетелге шыға алғанымызға қуаныштымыз. Жаттығу орыны мен климаттық жағдайлардың өзгеруі дайындық үшін өте маңызды.

Сонымен қатар, жағалаудағы сабақтардан сауықтыру әсері өте үлкен: тұзды теңіз суы буындарға пайдалы әсер етеді, осылайша буындарды қалпына келтіруге көмектеседі.

Қысқа үзіліс жасаймыз, бірнеше апта бойы спортшылар әрқайсысы өз аймағында жаттығуды жалғастырады, содан кейін жиналып, тағы бір жиын өткіземіз. Одан кейін қараша айында ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді, ол өз алдына финалдық «бағалау» болады, содан кейін үздіктер желтоқсан айында әлем біріншілігіне аттанады», - дейді бас бапкер Бақыт Ахметов

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер