Ауыр атлетикадан биылғы әлем чемпионаты өтетін жер анықталды

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы 2021 жылғы әлем чемпионатын қабылдайтын қаланы анықтады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Биылғы біріншілік Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді.
Әлемдік сын 7-17 желтоқсан аралығына жоспарланған.
Қазақстан командасы дайындыққа кірісті. Қазіргі таңда Бақыт Ахметов бастаған топ Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізуде.
Әлем чемпионатына қатысушылар қарашада өтетін республикалық сыннан кейін анықталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или