«Әлем чемпионатына дайындық мықты». Біржан Оразов – футзалдан ӘЧ жайлы
«Қайрат» АФК мен Қазақстан құрамасының ойыншысы Біржан Оразов Prosports.kz сайтына берген сұхбатында әлем чемпионатына қатысты пікір білдірді.
- Біржан, маусымды қандай көңілмен бастадың?
- Көңіл-күйім жайлы. Жаттығу жиындарын өткіздік, құрамадағы көңіл-күй өте тамаша. Бірер күннен соң әлем чемпимонаты басталады. Мен де, жігіттер де мундиальдан көп нәрсе күтеді.
- Бұл маусым өзгелерінен әлем чемпионатымен ерекше емес пе?
- Әрине, биыл ерекше маусым болмақ. Өйткені, әлем чемпионаты бар, одан кейін Чемпиондар лигасына жорықты бастаймыз. Жаңа жылдан соң Еуропа чемпионаты өтеді. Кез келген ойыншы секілді мен де осы турнирлердің бәріне қатыссам деймін.

- Жуырда 27-ге толасың. Футболшы ретінде қалыптасып, ақыл тоқтататын жасқа келесің. Мансабыңа көңілің тола ма?
- Иә, мансабыма көңілім толады. Ақырын болсын алға жылжып келемін. Әлемдегі ең мықты футзал клубында ойнаймын. Биылғы маусым - менің жылым. Қазақстан құрамасына әлем және құрлықтық чемпионатта жүлде алуға көмектескім келеді. Ал «Қайратпен» жеңіске жетсем деймін.

- «Қайрат» президенті Қайрат Оразбеков сені әлем чемпионатының ең жарқын ойыншысы болуы мүмкін деді. Бұған не дейсің?
- Мен үшін алғашқы әлем чемпионаты. Шыны керек, сәл қобалжып жүрмін. Дегенмен өзімді қолыма алып, бар мүмкіндігімді көрсете аламын деп ойлаймын. Қайрат Оразбековке алғысымды айтамын, ол кісі маған сенім артады, ал мен өз кезегімде осы сенімді ақтауға тырысамын.
Фото: ҚФФ, «Қайрат» АФК