Теннис

Дмитрий Савчук: Турнирді жоғары деңгейде өткізуді жоспарлап отырмыз

Дмитрий Савчук: Турнирді жоғары деңгейде өткізуді жоспарлап отырмыз
news-banner7
mobile-news-top

Astana Open ATP 250 турнирінің директоры Дмитрий Савчук ҚТФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында жауапты додаға дайындық туралы айтты.

- Тенниссүйер қауымды алаңдатып отырған мәселе бар - көрермендер трибунаға кіре ала ма?

- Біз шақырылған қонақтарды кіргізуді жоспарлап отырмыз. Олар Қазақстанның әр түрлі аймағындағы тенниске дайындық топтарының балалары болмақ, яғни барлық орынның 30%-н солар толтырады. Ұлттық теннис орталығының аумағына кірер алдында балалар барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып ПТР -тестілеуден өтеді. Бұл балаларға үздік спортшылардың ойындарын өз көздерімен көруге және сүйікті теннисшілерін қуантуға жақсы мүмкіндік болары хақ.

- Пандемия кезінде ұйымдастырушылар турнирге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қолданады?

- Қазақстанға келген барлық ойыншылардың ПТР тесті теріс болуы керек. Келгеннен кейін қатысушылар, еріп жүретін адамдар, ATP және WTA делегаттары, төрешілер ангиген тестінен өтуі керек. Тек теріс нәтиже алғаннан кейін ғана спортшылар аккредитация алады және жабық, қауіпсіз турнир алаңы форматына жіберіледі. Бұл барлық қатысушы мен турнир ұйымдастырушысының қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету үшін керек.

- Алдағы турнирден қандай естеліктер қалуы мүмкін?

- Astana Open ATP 250 турнирі Қазақстанда маңызды оқиға болары сөзсіз. Сонымен қатар, бұл жарыс Қазақстандағы теннистің дамуына, бұқаралық спорттың дамуына және балалардың теннис клубтарына тартылуына да септігін тигізеді. Біз бұл турнир қатысушылардың жадында жақсы естеліктерімен сақталса деп ойлаймыз.

Түпнұсқасы: ktf.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер