Қапшағайда триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтеді

11-12 қыркүйек күндері Қапшағай су қоймасында триатлоннан бірнеше спорттық бәсеке өтеді деп хабарлайды Olympic.kz
Атап айтар болса, элиталық атлеттер арасында Қазақстан ашық кубогінің екінші кезеңі өтеді. Сондай-ақ, «суперспринттен» 15, 17 және 19 жасқа дейнгі спортшылар арасында еліміздің ашық чемпионаты ұйымдастырылады.
11 қыркүйек күні Elite санатындағы спортшылар бақ сынайды. Олар 1500 метрге жүзуден, 40 шақырымдық веложарыстан және 10 шақырымға жүгіруден жарысады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или