Ауыр атлетика

Ахметов: Әлем чемпионатына тек үздіктер аттанады

Ахметов: Әлем чемпионатына тек үздіктер аттанады
news-banner7
mobile-news-top

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Түркияда жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Отандық спортшылар Түркияның Кемер аймағында шеберліктерін шыңдауда. Бас бапкер Бақыт Ахметовтың айтуынша, дүниежүзілік біріншілікке құрама үздіктері ғана аттанады.

- Араға екі жыл салып, шетелге жаттығу жиынына қатысуға мүмкіндік алғанымызға өте қуаныштымыз. Жоғары дәрежеде дайындалу үшін жаттығу орны мен климаттың да әсері ерекше.

Содан кейін біз шағын үзіліс жасаймыз. Бірнеше апта бойы жігіттер әрқайсысын өз аймағында жаттығуды жалғастырады, содан кейін біз бірге жиналып, басқа оқу-жаттығу жиынына кірісеміз.

Дәстүр бойынша қарашада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді. Ел біріншілігінде көзге түскен үздіктер желтоқансанға жоспарланған әлем біріншілігіне жолдама алады, - дейді бас бапкер Бақыт Ахметов.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер