Кирилл Курдиди тректегі велоспорттан әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді
Қазақстандық велошабандоз Кирилл Курдиди жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
<span>Курдиди 1000 метр қашықтықта үшінші келіп, қола жүлдені жеңіп алған. Бірінші және екінші орындарды Ресей және Германия спринтерлері бөлісті. </span>
<span>«Кирилді тамаша нәтижемен құттықтаймыз!» - деп жазады Қазақстандық велоспорт федерациясының Instagram-аккаунтында. </span>
<span>Еске сала кетсек, жасөспірімдер арасында велоспорттан әлем чемпионаты 1-5 қыркүйек күндері Мысыр елінің Каир қаласында өткен. Бұған дейін әлем біріншілігінде қола медальді қазақстандық велошабандоз Юлия Голубкова жеңіп алған болатын.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или