Бокс

Сәкен Бибосынов: Олимпиадад төрешілер жеңісті қарсыласқа бұрмалап жіберді

news-banner7
mobile-news-top

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, боксшы Сәкен Бибосынов жартылай финалдағы ойынға төрешілердің берген бағасы, қола жүлде үшін алған сыйақысын қайда жұмсайтыны және жеке өміріне қатысты журналист Аман Тасығанның TalkLike жобасына сұхбат берді.

- Барлық спорт түрлерінен алтын болмай жатқан соң, қалай да алтын алуым керек деп жекпе-жекке жақсы "настроймен" шықтым. Жекпе-жекті 3-4 мәрте қайталап көрдім. 1-ші раундтың алғашқы минуттарында ғана қарсылас алға жүріп, соққыларын тигізді. Сосын ортадағы төреші маған нокдаун ашты. Бірақ ол нокдаун ашатын соққы болды деп ойламаймын.

2-3 минутында артқа жұмыс жасап, соққыларымды тигізген сияқты едім. Бұрышқа келгенде бапкерлерім 5 төрешінің қарсыласқа бергенін айтты. Өз бапкерім 2-ші раундқа басқаша тактика қойып берді. Жақсы өнер көрсетіп, бір орында қалмай, 3-4 соққымен жауап қайтарып отырдым. Қарсыласым тек алға жұмыс жасайтын еді, өзі түсінбей қалды-ау, артқа жұмыс жасады.

Жеңіске жеттім деп ойладым. Бірақ төрешілер олай ойламай, жеңісті қарсыласқа бұрмалап жіберді. Көз жасқа ерік бердім. Еліме алтын сыйлай алмадым, қазақтың әнұранын ойната алмадым деген көз жас қой. Өзінің жеке шәкірттерінің арасында Олимпиада чемпионы болмаған соң, бапкерімді де қуантамын деген ой болды. Сол мақсаттарыма әттең-ай жете алмай қалдым ғой деп көз жас шықты, – деп ағынан жарылды Сәкен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер