Футзал

Серік Жаманқұлов «Каспий» клубында жаңа қызметке тағайындалды

Серік Жаманқұлов «Каспий» клубында жаңа қызметке тағайындалды
news-banner7
mobile-news-top

Биыл мансабын аяқтаған футзалшы Серік Жаманқұлов жаңа жұмысқа орналасты. Бұл туралы bookmakeRReview.kz сайты хабарлады.

Серік Жманқұлов алдағы маусымда «Каспий» клубының жаттықтырушылар штабына қосылады. Ол футзалды дамыту бойынша менеджер қызметіне тағайындалды.

Жаманқұловтың есімін айтқанда ұлттық құрамадағы жетістіктер еске түседі. Қазақстан құрамасының ойыншысы ретінде 2016 жылы ақпанда ол футзалдан Еуропа чемпионатында қола медаль иеленген.

Сонымен қатар, 2016 жылы футзалдағы «Месси» Рикардиньомен бірге, Жаманқұлов Еуропа чемпионаты үздік сұрмергендерінің үздік бестігіне енген.

Клубтық деңгейде Серік Жаманқұлов «Қайрат» сапында Қазақстанның он дүркін чемпионы атанып, УЕФА кубогында екі рет иеленген. Қазақстан құрамасы сапында 58 матч өткізіп, 22 гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер