Қарағандыда үстел теннисінен халықаралық турнир өтеді

Қарағандыда үстел теннисінен халықаралық турнир өтеді

Қазақстанда алғаш рет үстел теннисінен «2021 ITTF Kazakhstan International Open» халықаралық турнирі өтеді.

15-19 қыркүйек аралығына жоспарланған дүбірлі дода Қарағанды қаласындағы жаңа «Saryarka» үстел теннис орталығында ұйымдастырылады.

Байрақты бәсекеге Австрия, Сауд Арабиясы, Үндістан, Беларусь, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия мен Қазақстаннан 70 -тен астам спортшы қатысады. Жүлде қоры 30 мың АҚШ долларын құрайтын бұл беделді жарыс ITTF халықаралық үстел теннисі федерациясының ТМД елдеріндегі биылғы жалғыз рейтингтік турнир саналады.

<span lang="KZ">Федерация атап өткендей, Қарағандыдағыдай үстел теннисінің орталықтары еліміздің басқа жеті облысында салынуда. Жалпы ауданы 4000 шаршы метрден асатын «Saryarka» орталығының құрамына 18 теннис үстелі бар ойын бөлмесі және Халықаралық үстел теннисі федерациясының барлық техникалық талаптарына сәйкес келетін 9 теннис үстелі бар жаттығу залы бар. </span>

Екі Олимпиада ойындарының қатысушысы және ұлттық құраманың көшбасшысы Кирилл Герасименко турнирге Қазақстан құрамасының құрамында қатысады. Турнирді Qazsport телеарнасы мен Халықаралық ITTF федерациясының ресми сайты тікелей көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или