Паралимпиада: Жапонияның 50 жастағы велосипедшісі алтын еншіледі
Кейко Сугиура Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында әйелдер арасындағы C1-3 жарысында Жапонияның ең жасы үлкен алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.
Сугиураның Fuji International Sppedway-де уақыты 25 минут 55,76 секундты көрсетіп, 1996 жылы Атланта қаласындағы Паралимпиада ойындарындағы 46 жастағы Такио Ушикубоның рекордын жаңартты.
Ол сондай-ақ Паралимпиада ойындарында алтын жеңіп алған бірінші велосипедші және жалпы есепте төртінші спортшы болды.
Швеция спортшысы Анна Бек( 26: 18.03) күміс жүлдегер атанса, австриялық Пейдж Греко (26: 37.54) қола жүлдені қанжығасына байлаған.
Сугиура денесінің оң жағы сал ауруына шалдыққан, сондай-ақ 45 жасында веложарыс кезінде құлап, есте сақтау қабілеті бұзылған.
Сидзуока префектурасының тумасы оңалту аясында велосипед айдауын жалғастырып, 2017 жылғы әлем чемпионатында алтын жүлдеге, 2019 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізген.