«Қайрат» УЕФА рейтингінде жоғарылады

«Қайрат» УЕФА рейтингінде жоғарылады

«Қайрат» футзал клубы УЕФА рейтингіндегі позициясын жақсартты , деп хабарлайды Prosports.kz.

Өткен жылы алматылық ұжым төртінші орынға түсіп қалған еді. Команда соңғы Чемпиондар лигасында жартылай финалға жетті. Соның арқасында Еуропаның үздік клубтар кестесінде екінші орынға көтерілді. Көш басында <span>«Барселона» жайғасты.</span>

<span>2020 жылы алғашқы ондықтан орын алған «Ақкөбе» төмен сырғыды. Алайда, Қазақстан чемпионатында екінші орын алып, «Қайратпен» бірге Чемпиондар лигасында бақ сынайтын «Атырау» ақтөбелік ұжымның орнын басты. </span>

Рейтингтегі жоғары көрсеткішінің арқасында <span>«Қайрат» Чемпиондар лигасында жолын негізгі кезеңнен бастайды. </span>Жеребе 30 тамызда, ал матчтар 26-31 қазан аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или