3х3 баскетболдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына кімдер қатысады

3х3 баскетболдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына кімдер қатысады

3x3 баскетболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушылар штабы 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын құрамды жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир 24 -29 тамыз аралығында Дебреценде (Венгрия) өтеді.

Венгрияда ел атынан мына спортшылар сынға түседі: Арсен Ордоков (SC Qazaqstan, Алматы), Радислав Родионов (Forum Hoops, Алматы), Кирилл Ивановский (Forum Hoops, Алматы), Артем Тугалев (Forum Hoops, Алматы). Команда жаттықтырушысы - Ривхат Бабекенов.

Топтық кезеңде қазақстандық жас баскетболшылар Франция, Бразилия, Индонезия мен Украинамен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или