«Жеңіске алты секунд жетпеді». «Астана» үшін «Вуэльтаның» алғашқы аптасы қалай өтті?

«Жеңіске алты секунд жетпеді». «Астана» үшін «Вуэльтаның» алғашқы аптасы қалай өтті?

«Астана» «Испания Вуэльтасының» бірінші аптасында жеңіске жақын болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы сайыс күні Бургоста Алекс Аранбуру ұзақ уақыт көш бастап келе жатқан, алайда қазіргі көшбасшы Примож Рогличтен алты секундқа қалып қойды. Команда капитаны Александр Власов 14 секундқа артта қалды.

Келесі күні спринтерлік жарыста Аранбуру тағы да жеңіске таласқанымен, мәреге бесінші болып келді.

Нағыз сынақ үшінші кезеңде болды, мұнда мәреге жақын тау бар еді. Власов жалпы есепте бір минуттан аса уақытқа артта қалды. Жарыстың алтыншы кезеңінде Александр төртінші болып, алғашқы ондыққа енді.

Бірақ тау кезеңдерінің сериясы Власовты топ-10 тізімінен ығыстырып тастады. Қазір ол 11-орында келеді, Примож Рогличтен төрт минутқа қалып тұр. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или