Теннис

Теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының қола медалінен қағылды

Теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының қола медалінен қағылды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының қола жүлдесінен қағылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қола медаль үшін өткен матчта Рыбакина украиналық Элина Свитолинамен кездесті. Бірінші сетте қазақстандық теннисші қарсыласын 6:1 есебімен оңай жеңді. Ал екінші сетте Свитолина 7:6 есебімен жеңді. Шешуші - үшінші сетте Рыбакина алда болғанымен, украиналық 6:4 есебімен басым түсті.

Осылайша, Токио Олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржынына үш медаль қала береді. Бұған дейін дзюдошы Елдос Ахметов, зілтеміршілер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола жүлдегер атанған болатын.

Фото: Владислав Семенов, olympic.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер