Конференция лигасы: Асхаттың алтын аяғы «Тобылды» келесі кезеңге шығарды

Конференция лигасы: Асхаттың алтын аяғы «Тобылды» келесі кезеңге шығарды

Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында «Тобыл» мен хорватиялық «Хайдук» кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Қостанайда өткен ойында 4:1 есебімен алаң иелері жеңіске жетті.

Осыдан бір апта бұрын Хорватияда өткен алғашқы ойында 2:0 есебімен «Хайдук» жеңіске жеткен. Ол ойында қостанайлықтар тым нашар өнер көрсеткен еді. Бүгін алғашқы таймда да «Тобыл» ойыншылар гол соға алмады. Бірақ екінші таймда он минуттың ішінде үш гол соғып, кездесу тағдырын түбегейлі өзгертіп жіберді. Оны аз десеңіз, 70-минутта Александр Мокин пенальтиді қайтарып ерлік жасады. 

Кездесу осы есеппен аяқталып, «Тобыл» келесі кезеңге өтуге өте жақын еді. Бірақ негізгі уақытқа төреші қосқан 5 минуттың соңына қарай қонақтар бір гол соғып кетті.

Осылайша, қос ойынның қортындысы 3:3 болып, матч қосымша уақытқа ұласты. 

Ал қосымша уақттың соңына қарай, 118-минутта Асхан Тағыберген алыстан соққы бағыттап, есепті 4:1-ге жеткізді. Сөйтіп, жалпы 4:3 есебімен «Тобыл» Конференция лигасының келесі, үшінші кезеңіне өтті.

Конференция лигасы. Екінші іріктеу кезеңі. Қарымта ойын.

«Тобыл» – «Хайдук» – 4:1, (0:0, 3:1, 0:0, 1:0)

Гол соққандар: Йованчич 56 (1:0), Сергеев 61 (2:0), Сергеев 67 (3:0), Тағыберген 118 - 90+4 Сахити

«Тобыл»: Александр Мокин (Қ) – Руслан Валиуллин, Алекса Аманович, Александр Марочкин, Сергей Малый, Бағдат Қайыов – Душан Йованчич, Серікжан Мужиков (К), Рубен Бриджидо, Зоран Тошич – Игорь Сергеев;

«Хайдук»: Ловре Калинич (К) – Давид Чолина, Стефан Симич, Марио Вушкович, Герге Ловренчич – Йосип Вукович, Филип Кровинович, Жайро да Силва, Эмир Сахити – Марин Любичич, Ян Млакар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или