«Шахтер» Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті

«Шахтер» Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті

Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында «Шахтер» мен бухаресттік «Стяуа» кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Қос команда арасындағы алғашқы ойын бір апта бұрын Бухарестте өтіп, алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жеткен.

Қарымта кездесу коронавирусқа байланысты Қарағандыда емес, Армения астанасы Ереванда өтті.

Матчтың негізгі уақыты 2:1 есебімен қазақстандық команданың пайдасына шешілді. Осылайша, қос ойынның қортындысында есеп 2:2 болып, кездесу қосымша уақытқа жалғасты.

Қосымша 30 минутта гол соғылмағандықтан, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Бұл сында қарағандылық команданың жолы болды.

Конференция лигасы. Екінші іріктеу кезеңі

«Шахтер» - «Стяуа» - 2:1 (1:0)

Гол соққандар: 1:0 – 11 Габышев, 1:1 – 76 Коман, 2:1 – 90+1 Тәттібаев.

Пенальти сериясы: 5:4

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или