Токио-2020: Жүсіпов пен Левит жекпе-жектерін қайдан көруге болады?

Токио-2020: Жүсіпов пен Левит  жекпе-жектерін қайдан көруге болады?

Бүгін қазақстандық боксшылардың 2020 жылғы Токиодағы Олимпиада ойындарының 1/8 финалы басталады, деп хабарлайды prosports.kz.

Рингке бірінші болып 69 келіге дейінгі салмақтағы Абылайхан Жүсіпов шығады. Оның қарсыласы америкалық боксшы Деланте Джонсон болмақ. Бұл жекпе-жектің басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 14: 15-ке жоспарланған.

Ал 15:51-де Токиодағы турнирде 91 килоға дейінгі салмақта Василий Левит бастайды, оған испандық Энмануэль Рейес қарсы шығады.

Жекпе-жектің тікелей трансляциясы «Хабар» телеарнасында сағат 13:55-те басталады. Интернеттен мына сілтеме бойынша көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 1/8 финалда боксшылар саны бойынша көш бастап тұр. Ресей, Өзбекстан және Кубаның әрқайсысында жетіден спортшы бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или