«Астана» велошабандозы «Лангкави турының» екінші кезеңінде де топ жарды

«Астана» командасының велошабандозы Андреа Гуардини Малайзияда басталған «Лангкави туры» көпкүндігінің екінші кезеңінде де бірінші болып мәре сызығын кесті.

Алор Сетар - Сунгай Петани арасындағы 185 шақырымға созылған қашықтықты қазақстандық клубтың велошабандозы 4 сағат 30 минут 36 секундта басып өтті. Екінші болып «Orica GreenEDGE» клубының велошабандозы Калеб Эван келсе, үштікті Якуб Маречко («Southeast») қорытындылады.

Айта кетейік, Андреа Гуардини «Лангкави туры» көпкүндігінің бірінші кезеңінде де бірінші болып келген болатын.

Massatet.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или