Командалық

Сенсация: Баскетболдан АҚШ құрамасы Францияға есе жіберді

Сенсация: Баскетболдан АҚШ құрамасы Францияға есе жіберді
news-banner7
mobile-news-top

Токио Олимпиадасы аясында ерлер командалары арасындағы баскетбол жарысы басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың басты фавориті - АҚШ құрамасы күтпеген жерден Франциядан 76:83 есебімен жеңіліп қалды.

Бұл америкалықтар үшін 2004 жылдан бергі Олимпиададағы алғашқы жеңіліс болды.

АҚШ Олимпиада командасында көптеген NBA жұлдыздары өнер көрсетеді. Демек франциялық ойыншылар сенсация жасап жеңіске жетті.

Франция - АҚШ 83:76 (15:22, 22:23, 25:11, 21:20)

Айта кетейік, Олимпиада аясында баскетбол жарысы 25 шілде мен 7 тамыз аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер