Футзал

Қазақстан құрамасының бапкері әлем чемпионатының басты фаворитін атады

Қазақстан құрамасының бапкері әлем чемпионатының басты фаворитін атады
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері биыл қыркүйек-қазан айларында Литвада өтетін әлем чемпионатының басты фаворитін атады, деп жазады Prosports.kz.

«Әрине, басты фаворит - Бразилия. Жеңіске құмар ойыншылардан құралған өте шебер команда. Олар Литвадағы турнирде бар күшін көрсетеді», - деді құрама бапкері Пауло Рикардо Кака «Қайрат» баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, Бразилия құрамасы бес рет (1989, 1992, 1996, 2008 және 2012 жылдары) әлем чемпионы атанған. 2016 жылғы әлем чемпионатында бразилиялықтар 1/8 финалда Иранға пенальти сериясында есе жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер