Әлем футболы

«ПСЖ» Мбаппеге жыл сайын 32 миллион еуро төлеуге дайын

«ПСЖ» Мбаппеге жыл сайын 32 миллион еуро төлеуге дайын
news-banner7
mobile-news-top

«ПСЖ» басшылығы франциялық шабуылшы Килиан Мбаппемен келісімшартты 2026 жылға дейін ұзартпақ, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Чемпионатқа» сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, клуб басшылығы Мбаппеге жылына 32 миллион еуро көлемінде жалақы ұсынған. Ал форвард келісімшартты ұзартуға асығар емес, ол мадридтік «Реалдың» ұсынысын қарастырмақ.

Мбаппе «ПСЖ» сапында 2017 жылдан бері ойнап келеді, оның алдында «Монако» намысын қорғаған. Франция чемпионатының өткен маусымында Мбаппе 31 матчқа қатысып, 27 гол мен жеті нәтижелі пастың авторы атанған. Футболшы мен клуб арасындағы қазіргі келісімшарт 2022 жылы бітеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер