Футзал

«Қайраттың» тағы бір бұрынғы ойыншысы «Эль-Посоға» ауысты

«Қайраттың» тағы бір бұрынғы ойыншысы «Эль-Посоға» ауысты
news-banner7
mobile-news-top

2020/2021 жылғы маусымда «Қайрат» сапында өнер көрсеткен бразилиялық ойыншы Фабрицио Бастицини (немесе Гадейя) Испанияның «Эль-Посо» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

33 жастағы ойыншының жаңа командасымен келісімшарты 2023 жылы маусым айына дейін жарамды.

Осылайша, Кадейя бір жылдық үзілістен кейін Испанияға оралады, ол бұған дейін «Интер Мовистар» сапында төрт маусым (2016 жылдан 2020 жылға дейін) өнер көрсеткен.

Айта кетейік, бұған дейін «Эль-Посо» клубына «Қайраттың» тағы бір бұрынғы ойыншысы, Қазақстан құрамасының үздігі Тайнан да ауысқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер