«Атырау» сапына Ресейдің алты дүркін чемпионы ауысты

«Атырау» сапына Ресейдің алты дүркін чемпионы ауысты

«Атырау» футзал клубы ресейлік тәжірибелі шабуылшы Александр Фукинмен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Фукиннің кейінгі клубы мәскеулік КПРФ болған. Сондай-ақ, ол мәскеулік «Динамо» мен «Норильский никель» сапында ойнаған.

36 жастағы ойыншы карьерасында алты мәрте Ресей чемпионы атанған, үш мәрте УЕФА кубогының күміс жүлдесін, үш рет Еуропа чемпионатының күміс медалін еншілеген. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или