Олимпиада-2020. Токиодан хабар
Теннис

Ярослова Шведова: Үшінші Олимпиадама ерекше сезіммен келдім

Ярослова Шведова: Үшінші Олимпиадама ерекше сезіммен келдім
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасындағы тәжірибелі теннисшілердің бірі Ярослова Шведова мансабындағы үшінші Олимпиада жайлы айтып берді.

- Жылдам жеттім. Әуежайдан 3 сағатта шықтым. Басқа спортшыларға қарағанда процесс тез өтті. Карантинге байланысты тексеру жұмысы көп, жол көрсететін еріктілер де жетерлік. Олимпиада қалашығында бәрі ойдағыдай. Ұйымдастырушылар бәрін бір жүйге келтірген. Жаттығуға да ыңғайлы.

- Сіз Қазақстан теннисшілерінен арасынан бірінші болып Олимпиадаға қалашығына келдіңіз. Жергілікті кордқа, допқа үйренісіп кеттіңіз бе?

- Аса бір қиындық болмады. Олимпиада қалашығында бәрі ыңғайлы. Дегенмен атышулы төсектері ыңғайсыз екені рас. Ұйымдастырушылар бөлмелерде бар жағдайды қарастырып, ойластырып қойған екен.

Асханада бәрі бір жүйеге келтірілген. Тағамдары дәмді. Жаттығуға барып жүрмін. Кордқа үйренісіп қалдық. Күндіз ауа-райы ыстық әрі ылғал болғандықтан спортшылар кешке жаттығып жүр

- Елена Рыбакина екеуіңіз жұптық сында өнер көрсететсіздер. Бұрын бірге ойнамадыңыздар. Қазір бір-біріңізге үйреністіңіз бе?

- Бір проблемаға қатысты жұптық кезеңде бақ сынамаймын. Тек жеке сында жарыс жолына шығамын. Елена Рыбакина бар күшін жеке сында жұмсағысы келеді. Жүлдеден үмітті. Басқа қыздармен жұптық сында өнер көрсетеміз деп ойлағанбыз. Бірақ екеуі де жұптық сынға дайын емес, оған қоса жарақаттары бар. Көп матчқа шығатындықтан, жеке сынға басымдық бергісі келеді.

Бірақ та микске қатысуға өтініш беріп көреміз. Егер бәрі жақсы болса Александр Бубликпен бірге ойнаймын.

- Олимпиадаға келген спортшылардың арасынан коронавирус жұқтырғандар анықталып жатыр. Қауіпсіздік жағы қалай?

- Күнде таңертең коронавирус бар-жоғын анықтайтын тест тапсырамыз. Естуімше, Олимпиада қалашығында жұмыс істеген еріктілер көп вирус жұқтырып жатыр.

- Бұл сіздің үшінші Олимпиада ойыныңыз. Бұған дейінгі Олимпиададан қандай ерекшелігін байқадыңыз?

- Екі Олимпиадаға қатыстым. Қазір бұрынғыдай сезім жоқ секілді. Тәжірибе жинағаным, жасымның әсері бар шығар. Лондон мен Токио Олимпидасына ерекше сезіммен келген едім. Бұл жолы мүлде басқа сезім. Қазір өзімді қолда ұстаймын. Әр ісімді сараптап, салқынқанды қараймын.

Токиодан Prosports.kz тілшісі Айбар Рысдәулет

Фото: Tennis Majors, Ubitennis

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер