Футзал

Футзал: әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құраманың құрамы жарияланды

Футзал: әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құраманың құрамы жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші кезең 9 тамызда Алматыда басталады. Оқу-жаттығу жиынына 17 ойыншы шақырылды, бірақ олардың тек 16-сы ғана турнирге барады.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы:

негізгі тізім:

қақпашылар: Игита, Нарун Сериков (екеуі де - «Қайрат»), Рауан Атантаев («Атырау»);

алаң ойыншылары: Тайнан («Эль Посо», Испания), Дуглас, Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Альберт Ақбаликов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов (барлығы – «Қайрат»), Азат Валиуллин («Ухта», Ресей), Арнольд Кнауб, Нұрбек Қарағұлов (екеуі де – «Ақтөбе») , Болат Сарбасов, Жомарт Тоқаев (екеуі де – «Атырау»), Төрехан Досов («Бәйтерек»), Ақеділ Мадияров («Липецк», Ресей).

Резервті тізім:

қақпашылар: Нұрәлем Байдулла («Нұр-Сұлтан»), Ақжол Қайратұлы («Каспий»);

алаң ойыншылары: Нұрсұлтан Пиялы (Қайрат), Ерсұлтан Сағындықов («Бәйтерек»), Қайрат Иманалин («Ақтөбе»), Владислав Черномордов («Липецк», Ресей), Расул Карбаев (Нұр-Сұлтан), Ринат Төреғазин («Аят»), Виктор Клинов («Бәйтерек»)

Айта кету керек, FIFA Литвада өтетін әлем чемпионатына қатысушылардың соңғы тізіміндегі ойыншылар санын көбейтті. Енді әр ұлттық команда өзімен бірге 16 ойыншыны ала алады, оның кем дегенде үшеуі қақпашы болады. 14 спортшы матчқа қатысуға өтінімге енгізілген: бесеуі негізгі ойыншы, тоғызы қосалқы құрама.

Әлем чемпионаты 12 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтеді. Топтық кезеңде Қазақстан Литва, Коста-Рика және Венесуэла құрамаларына қарсы ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер