Велоспорт

Велоспорттан Қазақстан командасы Токиода дайындыққа кірісті

Велоспорттан Қазақстан командасы Токиода дайындыққа кірісті
news-banner7
mobile-news-top

Велоспорттан Қазақстан командасы Токиоға келіп жетті.

Отандық велошабандоздар Олимпиада ойындарына қатысу үшін Токиоға келіп, жаттығуды бастап кетті. Айта кетелік, велоспорттан Қазақстан командасы үш лицензия бар.

Бұған дейін команда бас бапкері Асан Базаев Токио Олимпиадасында сынға түсетін команда құрамын жариялаған болатын. Басты додада ел намысын Алексей Луценко, Вадим Пронский және Дмитрий Груздев қорғайды.

Команда үздігі Алексей Луценко жақында аяқталған "Тур де Франс" велокөпкүндігінде жетінші орын иеленгенін естеріңізге саламыз.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер