Футзал

ФИФА футзал бойынша 2021 жылғы әлем чемпионатына қатысуға өтінімдегі ойыншылардың санын көбейтеді

ФИФА футзал бойынша 2021 жылғы әлем чемпионатына қатысуға өтінімдегі ойыншылардың санын көбейтеді
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Литвада 12 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтетін футзал бойынша 2021 жылғы әлем чемпионатына ұлттық құрамалардың өтінімдеріндегі ойыншылардың санын көбейту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz АМФР сайтына сілтеме жасап.

Әрбір ұлттық команда әлем чемпионатына 16 футзалшы апара алады, оның кем дегенде 3-уі қақпашы болады. Матчқа қатысатын құрамда 14 ойыншы бар. Оның бесеуі негізгі ойыншы.

Бұған дейін ФИФА 2021 жылғы әлем чемпионатында тағы бір жаңалық жариялады. Енді төрешілер тарихта алғаш рет бейне қайталаудың көмегін қолдана алады.

Еске сала кетейік, 2021 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Литва, Венесуэла және Коста-Рика құрамаларымен бірге А тобына енді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер