Жәнібек Әлімханұлы The Ring рейтингінде жоғарылады

Жәнібек Әлімханұлы The Ring рейтингінде жоғарылады

The Ring белгілі бокс журналының сайты барлық салмақтағы боксшылардың рейтингін жаңартты.

Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы өткен рейтингіде тоғызыншы орында болған. Енді жетінші орынға көтерілді.

Еске сала кетейік, ол өзінің жақында болған жекпе-жегінде WBA Regular нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы АҚШ боксшысы орта салмақтағы Роб Брантты жеңді.

Америкалық Әлімханұлынан жеңілгеннен кейін Үздік ондықтан шығып қалды. Рейтингідегі бірінші орын IBF/IBO бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге тиесілі. Одан кейінгі орындарға америкалық Джермалл Чарло мен Деметриус Андраде жайғасқан.

Төрттен онға дейінгі орындар төмендегідей бөлінген:

4. Сергей Деревянченко (Украина)

5. Риота Мурата (Жапония)

6. Хайме Мунгия (Мексика)

7. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)

8. Кіші Крис Юбэнк (Ұлыбритания)

9. Лиам Уильямс (Ұлыбритания)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или