ММА

ACA 126 турнирінің толық карды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Евгений Егембердиев (12-3) ресейлік ACA лигасының чемпиондық атағы үшін таласады, деп хабарлайды Prosports.kz.

36 жастағы спортшы 16 шілдеде Сочиде өтетін ACA 126 турнирінде өнер көрсетеді. Басты жекпе-жекте Егембердиев Муслим Магомедовпен кездеседі (9-0). Файтерлер ауыр салмақта ACA (93 кг) чемпиондық белбеуі үшін төбелеседі.

Ұйымның таратқан мәліметіне қарағанда, ACA 126 турнирі көрерменсіз өтеді. Ресейдің Краснодар аймағында ковидке қатысты іс-шараларды көрерменмен өткізуге шектеу болмағанымен, ұйым осындай шешімге келген.

ACA 126 турнирінің толық карды, 16 шілде:

Еламан Додонов (Қырғызстан) – Мехди Байдулаев (Ресей)

Грачик Енгибарян (Ресей) – Сергей Клюев

Карлос Оливейра (Бразилия) – Хусейн Шайхаев (Ресей)

Антонио Маркос (Ресей) – Хусейн Кушагов (Ресей)

Замир Арипшев (Ресей) – Абдул-Рахман Темиров (Ресей)

Никита Гомзяков (Ресей) – Адлан Батаев (Ресей)

Клеверсон Сильва (Бразилия) – Нешхо Галаев (Ресей)

Денис Смолдарев (Эстония) – Руслан Магомедов (Ресей)

Баяман Нурмамат (Қырғызстан) – Джихад Юнусов (Ресей)

Луис Андрезиньо Ногейра (Бразилия) – Марат Балаев (Ресей)

Евгений Егембердиев (Қазақстан) – Муслим Магомедов (Ресей)

Евгений Егембердиев соңғы рет сегізбұрышқа өткен жылдың желтоқсанында шықты. ACA 115-те ол бұрын UFC-де бақ сынаған Люк Барнатты нокаутқа жіберді.

26 жастағы Магомедов осы жылдың наурыз айында бразилиялық Леонардо Силва да Оливейраны төрешілер шешімімен жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер