Хоккей

Гагарин кубогының бес дүркін жеңімпазы командасымен жаңа келісімшарт жасасты

Гагарин кубогының бес дүркін жеңімпазы командасымен жаңа келісімшарт жасасты
news-banner7
mobile-news-top

«Ақ Барс» шабуылшысы Данис Зарипов клубпен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Өткен маусымда ойыншы 40 матчқа қатысып, 23 (7+16) ұпай жинады.

Зарипов - ҚХЛ тарихында Гагарин кубогын бес дүркін жеңіп алған жалғыз ойыншы.

Алдағы маусым шабуылшы үшін «Ақ Барс» сапындағы 17-маусым болады. Данис Зарипов «Ақ Барс» жейдесінде жалпы 887 кездесуге қатысып, 633 (288+345) ұпай жинаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер