Велоспорт

Алексей Луценко: Қазіргі нәтижеге көңілім толады

Алексей Луценко: Қазіргі нәтижеге көңілім толады
news-banner7
mobile-news-top

«Тур де Франс» жарысының он бірінші кезеңінде қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко сегізінші орыннан көрінді. Astana Premier Tech баспасөз қызметіне берген сұхбатында велошабандоз көпкүндіктің кезекті кезеңіндегі әсерімен бөлісті.

«Бұл өте қиын кезең болды. Жалпы есеп үшін күрес туралы ойлана отырып, мен Погачардың алдында мейілінше ұзағырақ болуға тырыстым. Және бұл менің қолымнан келді деп ойлаймын. МОН-Ванту шыңында мен Келлерманмен бірге біраз артта қалдым, содан кейін бірден төмен қарай ізкесуді жалғастырдым. Осы кезеңде сегізінші орыннан көрінгеніме қуаныштымын, сонымен қатар, жалпы есепте бір сатыға жоғарыладым. Әрине, мұнымен біздің көпкүндік аяқталған жоқ. Бізді алда бұдан да тартысты әрі қауіпке толы кезеңдер күтіп тұр. Десе де, бүгінгі нәтижеме көңілім толады", – деді Алексей Луценко.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер