Қазақстан жағажай волейболынан Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді

Тайландта жас қыздар мен ұлдар арасында жағажай волейболынан Азия чемпионаты мәресіне жетті. Olympic.kz 19 жасқа дейінгі жастар арасында өткен құрлықтық бәсекедегі қазақстандық спортшылар нәтижесін ұсынады.
Жастар арасындағы бәсекеге Қазақстан атынан төрт жұп қатысты. Әйелдер арасында Лаура Кабулбекова және Надежда Иванченко, Айсұлу Мұхтарқызы және Әсемай Сабанбаева, ал ерлер арасында Дархан Аманжолов пен Дамир Лапов, Александр Кетиладзе және Александр Исмаилов жұбы бақ сынады.
<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202107/201131_740e2fb3e2e3eafb4d20399958ce0ac8.webp" />
</picture>

Жағажай ойыншыларының тандемі Дархан Аманжолов пен Дамир Лапов халықаралық деңгейдегі жарыста көзге түсті. 3 орын үшін өткен бәсекеде қазақстандық жұп тайландық спортшыларды техникалық жеңіспен қола жүлдегер атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или