Футзал

2021/2022 жылғы Чемпиондар лигасының форматы, күнтізбесі және қатысушылары

2021/2022 жылғы Чемпиондар лигасының форматы, күнтізбесі және қатысушылары
news-banner7
mobile-news-top

Футзальды Чемпиондар лигасының 2021/2022 жылғы маусымы әдеттегі форматқа оралып, алғашқы, негізгі және элиталық кезеңге бөлініп өтеді. Финалдық турнирге бұрынғыдай төрт клуб қатысады. Бұл кезең 2022 жылы сәуірде қатысушылардың бірінің алаңында өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Төрт елден (Испания, Португалия, Ресей және Қазақстан) екі команда қатысады. Қазан айында басталатын негізгі кезеңге рейтингте жоғары тұрған 23 клуб жолдама алады.

Қалған 32 қатысушы тамыз айында өтетін алғашқы кезеңде жарыс жолына шығады.

Күнтізбе

Алғашқы және негізгі кезеңнің жеребе тарту рәсімі: 14:00, 7 шілде
Алғашқы кезең: 20-25 тамыз
Негізгі кезеңнің жеребе тарту рәсімі: 14:00, 30 тамыз
Негізгі кезең: 26-31 қазан
Элиталық кезеңнің жеребе тарту рәсімі: 14:00, 3 қараша
Элиталық кезең: 23-28 қараша
Финалдық турнирдің жеребе тарту рәсімі: күні белгісі
Финалдық турнир: 28/29 сәуір және 30 сәуір/1 мамыр (кейінірек анықталады)

Форматы
Алғашқы кезең (20–25 тамыз)
• Бұл кезеңге рейтингте төмен орналасқан 32 команда қатысады.
• Командалар төрт-төрттен сегіз топқа бөлінеді. Әр топтың жеңімпазы және екінші орын алған командалардың арасындағы нәтижесі ең жақсысы негізгі кезеңге өтеді.

Негізгі кезең (26–31 қазан)
A жолы
• Қазіргі чемпион «Спортинг», рейтинг бойынша үздік 11 клуб және рейтингте 16-19-орындағы командалар
• Мұнда да командалар әр топқа төрттен бөлінеді. Бір елдің командалары бір топқа түсе алады.
• Әр топтан үш үздік команда элиталық кезеңге өтеді.

B жолы
• Бұл жолда рейтингте 12-15 және 20-23 орындарда орналасқан командалар, сондай-ақ алғашқы кезеңде іріктелген тоғыз команда бақ сынайды.
• Командалар мұнда да төрттен төрт топқа бөлінеді.
• Әр топтың жеңімпазы элиталық кезеңге өтеді.

Элиталық кезең
• 16 команда төрттен төрт топқа бөлінеді. Жеребе тарту рәсімі 3 қарашада өтеді.
• Әр топтың жеңімпазы (23-28 қараша) финалдық турнирге жолдама алады.

Финалдық турнир
Турнир қатысушылардың бірінің алаңында 28-30 сәуірде немесе 29 сәуір - 1 мамырда өтеді. Өтетін орны мен нақты күндері, сондай-ақ жеребе тартылатын уақыт кейінірек хабарланады.

Жарыс жолына негізгі кезеңде шығады: «Спортинг» (Португалия, чемпион), «Барса» (Испания), АФК «Қайрат» (Алматы, Қазақстан), «Бенфика» (Португалия), «Леванте» (Испания), «Тюмень» (Ресей), «Добовец» (Словения), «Синара» (Ресей), «Атырау» (Қазақстан), «Кауно Жальгирис» (Литва), «Пезаро» (Италия), «Рекорд» (Польша), «Олмиссум» (Хорватия), «Мостар» (Босния және Герцеговина), «Аньер-Вильнев» (Франция), «Пльзень» (Чехия), «Чиксереда» (Румыния), «Лученец» (Словакия), «ВитЭн» (Беларусь), «Ховокубо» (Нидерланды), «Лео» (Армения), «Ураган» (Украина), бельгиялық қатысушы кейінірек анықталады.

Жарыс жолына алғашқы кезеңде шығады: «Луксол Сент-Эндрюс» (Мальта), «Вайлимдорф» (Германия), «Араз» (Әзербайжан), АПОЭЛ (Кипр), «Гентофте» (Дания), «Халадаш» (Венгрия), «Минерва» (Швейцария), ФОН (Сербия) «Кампуксен Динамо» (Финляндия), «Личени» (Косово), КМУ (Грузия), «Дифферданж» (Люксембург), «Проект» (Македония), «Дукас» (Грекия), «Динамо Плюс» (Молдова), «Виймси» (Эстония), «Хаммарбю» (Швеция), «Хелвесия» (Англия), «Раба» (Латвия), «Варна» (Болгария), «Тирана» (Албания), «Диамант» (Австрия), «Блу Мэджик» (Ирландия), «Долфинс Ашдод» (Израиль), «Утлейра» (Норвегия), «Тавшанчалы» (Түркия), «Сефн Друидс» (Уэльс), «Европа» (Гибралтар), «Титоград» (Черногория), «Спарта Белфаст» (Северная Ирландия), «Фиорентино» (Сан-Марино), «Энкамп» (Андорра).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер