Командалық

Сабина Алтынбекова әлемдегі ең танымал волейболшылар тізімінде үздік үштікке енді

Сабина Алтынбекова әлемдегі ең танымал волейболшылар тізімінде үздік үштікке енді
news-banner7
mobile-news-top

Volleyball World ұйымы Instagram желісіндегі ең танымал волейболшылар тізімін жариялады. 1,1 миллион фолловері бар қазақстандық Сабина Алтынбекова үшінші орында тұр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тізім ұйымның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.

Бірінші орында ирандық волейболшы Саид Маруф (1,9 млн) тұр. Екінші орында филиппиндік Алисса Вальдес (1,3 млн). Сабина Алтынбекова 1,1 млн жазылушымен үшінші орынды бірнеше спортшымен бөлісіп тұр: Бруно Резенде (Бразилия), Плеумджитом Тинкаоу (Таиланд) мен Мохаммадом Мусави (Иран).

Тізімге 1 млн жазылушымен Нутсара Томком (Таиланд) мен Жаклин Карвальо (Бразилия) да енді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер