Велоспорт

«Астанаға» керек болмаған тағы бір спорт директоры ресейлік клубқа ауысты

«Астанаға» керек болмаған тағы бір спорт директоры ресейлік клубқа ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық экс-велошабандоз және «Астананың» бұрынғы спорт директоры Александр Шефер ресейлік «Газпром-Русвело» командасының спорт директорлары құрамына кіреді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі rusvelo.team сайтына сілтеме жасап.

Александр Шефер ресейлік командаға 2021 жылдың екінші жартысында қосылады. Бұған дейін «Газпром-РусВело» менеджменті тағы бір қазақстандық маман Дмитрий Седун кірген болатын. Ол 2022 жылдан бастап атқарушы директор болады.

Еске салайық, Дмитрий Седун мен Александр Шефер Astana Pro Team сапынан 2020 жылғы маусымнан кейін кеткен болатын. Команда мамандармен келісімшартты ұзартпаған.

Фото rusvelo.team

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер