Футзал

Өзбекстан құрамасының бұрынғы бас бапкері «Бенфиканы» жаттықтырады

Өзбекстан құрамасының бұрынғы бас бапкері «Бенфиканы» жаттықтырады
news-banner7
mobile-news-top

Лиссабондық «Бенфиканың» жаңа бас бапкері испаниялық маман Хосе Мария Пасос Мендес болады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі A Bola агенттігіне сілтеме жасап.

Пульпис деген атпен танылған бапкер мен «Бенфика» арасындағы келісімшарт екі жылға жасалады.

Пульпис 2017 жылдан бері Таиланд құрамасын жаттықтырады. Оның алдында 47 жастағы маман футзалдан Өзбекстан құрамасының бас бапкері болған. Оның жаттықтыруымен команда 2014 жылы Азия чемпионатында қола, 2016 жылы күміс медаль еншілеген. Кейін тарихында алғаш рет әлем чемпионатының негізгі кезеңіне қатысқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер