«Барыстың» түлегі Еуропада өнер көрсетеді

«Барыстың» түлегі Еуропада өнер көрсетеді

«Барыс» хоккей клубы мен Қазақстан құрамасның қорғаушысы Валерий Орехов финляндиялық ХПК клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ресми мәлімдеді.

- «Барыс» хоккей клубының түлегі Валерий Орехов мансабын Финляндия чемпионатында жалғастырады.

Қорғаушы «Барыс» сапында 4 маусым өнер көрсетті. Жалпы 165 матчқа қатысып 25 (7+18) ұпай жинады.

Валерийге жаңа клубта сәттілік тілейміз! - делінген елордалық клубтың мәлімдемесінде.

Айта кетейік, 21 жастағы ойыншы 2021 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или