Хоккей

«Торпедоның» бұрынғы ойыншысы «Барысқа» ауысты


«Торпедоның» бұрынғы ойыншысы «Барысқа» ауысты
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» хоккей клубы қақпашы Андрей Шутовпен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хоккейшімен келісімшарт бір маусымға жасалған.

Өскемен хоккей мектебінің түлегі мансап жолын туған жері «Торпедо» жүйесінде өткізді. Өткен маусымда Андрей Шутов командасымен бірге Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Мамыр айында спортшы Қазақстан құрамасы сапында әлем чемпионатында бақ сынады. Канадаға қарсы матчта ұлттық құрамағы дебюттік кездесуін өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер