Велоспорттан ел чемпионаты: Федоров топтық сында жеңіске жетті

Велоспорттан ел чемпионаты: Федоров топтық сында жеңіске жетті

Петропавлда велоспорттан автомобиль жолдарынан Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр. 19 маусымда 160 шақырымға топтық жарыста жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.  

Евгений Федоров 3 сағат 30 минут 6 секунд нәтижесімен топтық жарыста чемпион атанды. Евгений Гидич дәл осындай көрсеткішпен екінші орынды иеленді. Жеңістің үшінші сатысы Артем Захаровқа бұйырды. Ол қарсыластарынан бір секундқа ғана қалып қойды.

Айта кетейік, бұған дейін Даниил Фоминых ерлер арасындағы жекелей сында топ жарған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или