Түмендегі қазақстандық дерби. «Қайрат» - қола жүлдегер

Түмен қаласында өткен Еременко кубогының үшінші орнын алматылық «Қайрат» пен қарағандылық «Тұлпар» сарапқа салды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Кездесу қос қазақстандық ұжымның алма кезек шабуылдарымен басталды. 5-ші минутта Умберто Диванейдің пасынан кейін допты қарағандылықтардың қақпасында тулатты – 1:0. Араға үш минут салып Есенаманов таразы басын теңестіруге жақын қалған, - доп қақпадан сәл қиыс кетті. Бір минуттан кейін «Тұлпардың» капитаны тағы бір соққы жасады және тағы да оны пайдалана алмады.

Үзіліске дейін екі команда да тоблодағы көрсеткішті өзгертетін мүмкіндіктерге ие болған, реті келгенде қақпашы мен қорғаушылар сәтті ойнап жатты.

27-ші минутта «Қайрат» есепті еселеді – Жаонның тамаша пасынан кейін Алешандре көзге түсті. Нәтижелі пас берген Жаонның өзі де көп ұзамай гол салып, есепті 3:0-ге жеткізді. Ірі есепке қол жеткізген «Қайраттың» бас бапкері Какау алаңға қосалқы құрамдағы ойыншыларын шығара бастады. «Тұлпар» қанша тырысқанымен, есеп айырмасын қысқарта алмады. Қорытынды есеп – 3:0.

Осылайша былтыр Еременко кубогында топ жарған «Қайрат» биыл үшінші орынды қанағат тұтты.

«Еременко кубогы» халықаралық турнирі

Үшінші орын үшін матч

«Тұлпар» (Қарағанды) – «Қайрат» (Алматы) - 0:3 (0:1)

Голдар: Умберто 5, Алешандре 27, Жоан 28

«Тұлпар» (Қарағанды): Аксентиевич, Алекс, Болинья, Кнауб, Есенаманов (к), Гребонос, Нұрғожин, Пенгрин, Таку, Шорин, Перемышлин.

«Қайрат» (Алматы): Игита, Дуглас, Алешандре, Игор, Диваней, Умберто, Сулейменов (к), Жаманқұлов, Жоан, Лукаян, Лео, Першин, Довгань, Маркао.

Төрешілер: Талғат Қосмұхамбетов (Қазақстан), Илья Акимцев (Ресей), Владимир Кадыков (Ресей).

Инспектор: Рустам Рахимов (Ресей)

Түмен қаласы, «Центральный» спорт кешені, 28 ақпан, 2015 ж. 700 көрермен

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или