Командалық

Халықаралық волейбол федерациясы әлем чемпионатына қатысу үшін Қазақстанға шақырту жіберді

Халықаралық волейбол федерациясы әлем чемпионатына қатысу үшін Қазақстанға шақырту жіберді
news-banner7
mobile-news-top

Волейболдан 18 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Мексикада өтетін әлем чемпионатына шақырту алды. Бұл туралы Қазақстан волейбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Olympic.kz хабарлайды.

Турнир 20-29 қыркүйек аралығында өтеді. Жарысқа жалпы есебі 20 команда қатысады. Олар – Канада, Польша, Түркия, АҚШ, Бразилия, Ресей, Египет, Таиланд, Аргентина, Доминикан Республикасы, Сербия, Камерун, Румыния, Перу, Нигерия, Пуэрто-Рико, Болгария, Мексика.

«Халықаралық волейбол федерациясы 18 жасқа дейінгі командамызды әлем чемпионатына қатыстыру туралы шешім қабылдады. Азиядағы құрамалардың бірі жарысқа қатысудан бас тартқандықтан, біз рейтинг бойынша турнирде бақ сынауымыз керек. Әлем біріншілігіне 2004 жылдың 1 қаңтарынан бері қарай туған жастар қатысады. Әзірге, әлем біріншілігіне қатысу үшін қаражат іздеудеміз. Виза алудың өзі қиындық туғызып отыр. Егер мәселелер толық шешілсе, біздің команда тарихта алғаш рет 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлемдік сынға қатысады», - дейді федерацияның бас хатшысы Ермек Сырлыбаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер