Евгений Осинцев: «Қайратты» ұту біз үшін үлкен мәртебе»
<p style="text-align: justify;">
<strong>«Тюмень» футзал клубының бас бапкері Евгений Осинцев «Қайратпен» өткен ойын және УЕФА кубогында кімге жанкүйер болатынын айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Ең алдымен өз командама рахмет айтқым келеді. Кеше нағыз командалық ойын көрсеттік. Соның арқасында ауыр жеңіске жете алдық. Ойын алдында «Қайраттың» ойынын мұқият зерттегенбіз. Ең басты мәселе – Игитаның шабуылға қосылуы болды. Бірақ, кешегі ойында бұл мәселені шеше алдық деп ойлаймын. Қақпашымыз Сергей Логиновті жеке атап өткім келеді, жарақатына қарамастан алаңға шығып бірнеше рет голдан құтқарып қалды. «Қайратты» ұту біз үшін үлкен мәртебе. Қазақстандық ұжымға УЕФА кубогында сәттілік тілеймін.</p>
<p style="text-align: justify;">
Менің ойымша, УЕФА кубогының финалында «Қайрат» пен «Барселона» ойнайды. Өзбасым алматылық клубқа жанкүйер боламын», - деді «Тюменьнің» бас бапкері. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или